Евгений Федоров пен Алексей Луценко Париж Олимпиадасына қатысады

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар есімін жариялады. Франция астанасында еліміздің намысын екі шабандоз қорғайды. Олар – Евгений Федоров пен Алексей Луценко.

Қазақстан командасындаүш лицензия бар. Үшеуі де жекелеген спортшыларға емес, командаға берілді. Париж ойындарына квота 2023 жылғы маусымдағы құрама нәтижесіне қарай бөлінді. UCI әлемдік рейтингі бойынша Қазақстан командасы 3660.24 ұпаймен 19-орыннан көрінген. Бір квота жекелей жарысқа, екі квота топтық жарысқа беріліп отыр.

Қазақстан командасының үздігі Алексей Луценко үшін бұл екінші Олимпиада болмақ. Ол Токиодағы жазғы ойындарға қатысып, топтық сында 21, жекелей сында 32-орыннан көрінді. Ал Рио Олимпиадасы қарсаңында жарақатына байланысты жарыстан бас тартқан еді. Луценко Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2017 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы. «Вуэльта» және «Тур де Франс» көпкүндіктерінің бір кезеңінде жеңіске жеткен. Алексейдің үлкен спорттағы жеңісті кезеңі 2012 жылғы жастар арасындағы әлем біріншілігінің алтынынан басталған болатын.

Евгений Федоров үшін бұл алғашқы Олимпиада. Осыған ол 2018 жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған. Одан бөлек, Федоровтың еншісінде 2023 жылғы Азия ойындарының алтыны бар. Сондай-ақ, Евгений Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері жазғы Олимпиадада велоспорттан екі медаль жеңіп алған. Оның екеуі де Александр Винокуровқа тиесілі. Даңқты велоспортшы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында күміс, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған болатын.

27 шілде күні велоспортшылар жекелей сында Париж Олимпиадасының жеңімпазын анықтайды. Ал ерлер арасындағы топтық жарыс 3 тамызға жоспарланған.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы