Түркия 16 жылда алғаш рет ширек финалға шықты

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға соңғы жолдаманы Аустрия мен Түркия құрамалары  өзара сарапқа салды.

Лейпцигте өткен кездесудің алғашқы минутында-ақ есеп ашылып үлгерді. Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демирал гол авторы атанды. Бұл Еуропа чемпионаты плей-офф кезеңі тарихында соғылған ең жылдам гол болғанын айта кету керек. Ойынның екінші жартысында дәл осы Мерих Демирал дубль авторы атанып, Түркия құрамасын жеңіске бір табан жақындата түсті. Кездесудің 66-минутында Михаэль Грегорич есеп айырмасын қысқартып, аустриялық жанкүйерлерге үміт сыйлаған. Алайда матчтың соңғы минуттарында Фехми Мерт Гюноктың жасаған ғаламат сейві Түркияға жеңіс сыйлады. Осылайша, Винченцо Монтелла бастаған құрама 16 жылда алғаш  рет Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі