Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылғы Уимблдон турнирін жеңіспен бастады.
Лондоңдағы «Үлкен дулыға» бәсекесінің төртінші ракеткасы болып тіркелген отандасымыз турнирдің алғашқы айналымында әлемдік рейтингіде 152-орында тұрған Елена Габриэла Русемен шеберлік байқасты. Румыниялық теннисші мачта 2:0 есебімен алға шққан, алайда Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз еншісіне жазды - 6:3.
Екінші партияны отандасымыз брейкпен бастап, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ - 6:1.
Турнирдің үшінші айналымына шығу үшін Елена Рыбакина әлемнің 72-ракеткасы Лаура Зигермундпен (Германия) сынға түседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55