Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді

21желтоқсан күні  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында тұңғыш рет дзюдодан ерлер арасындағы халықаралық командалық «Jenys Cup» турнирі өтеді.

Командалық турнир 66, 73, 81, -90 және +90 келі салмақ дәрежелеріндегі ерлер арасында өтеді. Жарысқа Қазақстан, Түркия, Франция, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Моңғолия, Испания елдерінен 17 команда тіркелген. Жарыс ережесі бойынша әр салмақ дәрежесінде командалар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша кездеседі.

Қатысушылардың қатарында Олимпиада жүлдегерлері, әлем және Азия чемпиондары Лука Майсурадзе (Грузия), Тато Григалашвили (Грузия), Шалва Гурешидзе (Грузия), Сомон Махмадбеков (Тәжікстан),Басх уЙондонпэрэнлэйн (Моңғолия) және әлемдік Grand Slam, халықаралық дәрежедегі турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Одхюгийн Цэцэнцэнцэнгэль( Моңғолия), Якуб Шамилов (Ресей), Айбек Серікбаев (Қазақстан),Шахрам Ахадов (Өзбекстан), Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан), Ходжазода Бехруз(Тәжікстан), Карамат Гусейнов (Әзірбайжан) бар.

«Jenys Cup»турнирінің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды: І орын - 30 мың АҚШ доллары, ІІ орын - 20 мың АҚШ доллары, екі ІІІ орын әрқайсысы 10 мың АҚШ долларын сыйақы алады. Сонымен қатар жарыс барысында үздік дзюдошы, үздік командалық спортшы анықталып, арнайы қаржылай сыйлықтар табысталады.

Жарысты 21 желтоқсан күні сағат 9:00-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде тамашалай аласыздар. Байрақты бәсекеге кіру тегін.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті
Астана алғаш рет баскетболдан әлем чемпионатын өткізеді
АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Ресми: Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» сапына қосылды
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанды
Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатында Жапонияны жеңдІ
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды
Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Солтүстік Македония жеңіске жетті
Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдегер атанды
Криштиану Роналду Португалиямен үшінші рет чемпион атанды
Карлос Алькарас «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы атанды
Франция Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды
Геннадий Головкин ХОК ұйымдастырған Sport for a Better World саммитіне қатысты
Испания Францияны жеңіп, Ұлттар лигасының финалына шықты
Футболдан Қазақстан командасы жолдастық кездесуде Беларусь құрамасына есе жіберді