Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

Шайбалы хоккейден Әлем Чемпионатының Элиталық кезеңінде Қазақстан құрамасы алғаш рет негізгі уақытта жеңіске жетті. Ғалым Мамбеталиев шәкірттері топтық кезеңнің соңғы ойынында Словения хоккейшілерін ойынның негізгі уақытында 4:3 есебімен жеңді.

Ұлттық құрама жігіттері топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді. Алдымен Норвегияны буллиттер сериясында жеңіп, кейіннен Словакия құрамасын ойын соңындағы буллит сериясында жеңген еді.

ҚАЗАҚСТАН – СЛОВЕНИЯ - 4:3

0:1 - Анзе Куральт - 01:30

1:1 - Никита Михайлис (Рымарев, Бекетаев) - 18:10 Сан басымдығы

1:2 -  Анзе Куральт (Ограеншек, Тичар) - 21:06

2:2 - Батырлан Мұратов (Орехов, Савицкий) - 39:02 Сан басымдығы

2:3 - Ян Дрозг (Симсич, Панце) - 42:27

3:3 - Евгений Рымарев (Старченко, Бекетаев) - 51:52

4:3 - Максим Мұхаметов (Михайлис) - 56:33

Қақпашылар: Андрей Шутов - Зан Ус

Осылайша, Қазақстан құрамасы келесі жылы Әлем Чемпионатында элиталық кезеңде ойнайды. 2024 жылғы Әлем Чемпионаты Чехияның Прага және Острова қалаларында 10 - 26 мамыр аралығына жоспарланған.

Бөлісу