Қазақстан құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатын сәтті бастады!

Ташкентте бокстан әлем чемпионаты жалауын көтерді және Әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан боксшылары екі жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасы атынан шаршы алаңға алғашқы болып Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай шықты. Тартысты жекпе-жектердің нәтижесінде біздің спортшылар жеңіске жетті.

60 келіде өнер көрсететін Сырымбетов Таиланд елінің өкілі Сакда Руамтамменбокстасты. Отандасымыз алғашқы секундтардан бастап кездесу тізгінін өз қолында ұстап, айқын басымдық көрсетті. Нәтижесінде Талғат 5:0 есебімен басым түсті. Енді келесі айналымдаол Иордания боксшысы Абу Жаемен жұдырықтасады.

«Алғашқы болып шыққандықтан, маған үлкен сенім артылды. Жауапкершілікті түсіндім. Бапкерлермен бірге жоспарлағандай, барлығы ойдағыдай болды. Қалған жігіттерге сәттілік тілеймін», - деді Талғат Сырымбетов жекпе-жектен кейін.

Бұдан кейін, «Хумо-Арена» рингінде 92 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Оралбай өз өнерін ортаға салды. Азия чемпионы деген атағы бар Айбек ӘЧ қола жүлдегері - болгариялық Радослав Панталеевпен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен басым түсті.

Ташкенттегі әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Жүлделер үшін 104 елден жиналған 600-дан аса былғары қолғап шебері таласқа түсуде. Жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.

Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды.

Тікелей трансляцияларды «Qazaqstan» и «Qazsport»телеарналарының эфирінен көруге болады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Бекзад Нұрдәулетов олимпиадалық салмаққа ауысады
Ботагөз Қапанова Chuncheon Korea Open турнирінде қола медаль еншіледі
Күрестен Будапештте өтетін халықаралық турнирге қатысатын балуандар белгілі болды
Қарағандыда футбол академиясының жобасы таныстырылды
Астана қаласында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтеді
Қазақстандық дзюдошылар Моңғолиядағы додада бақ сынайды
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстандық балуандар 12 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Германияда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысады
Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медальға қол жеткізді
Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды
Коул Палмер Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды
«Челси» Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы
Эльхан Астанов «Ордабасы» футбол клубына оралды
Әлем кубогында Меруерт Камалиденова қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны жеңді
Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты