Астанада күрес түрлерінен Азия Чемпионаты аяқталды

Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды!

Ұлттық құрама қоржынына алтын жүлдені еркін күрес стилінің палуандары әкелді.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дархан Есенғали финалда жапон Кирин Киношитаны 7:2 есебімен ұтып, құрлық чемпионы атанды.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта күрескен Азамат Дәулетбеков Азияның екі дүркін чемпионы атағын жеңіп алды. Отандасымыз финалдық белдесуде даңқты Иран палуаны Алиреза Каримимаханиді 4-1 есебімен жеңді.

Бұдан бөлек, Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Юсуп Батырмырзаевтың (125 кг) еншісінде күміс медальдар бар.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Астанада өткен Азия чемпионатын 7 алтын медальмен аяқтады. Айта кетейік, осыған дейін Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова, еркін күрес палуандары Болат Сақаев пен Санжар Досжанов, грек-рим стилі бойынша күрескен Ибрагим Магомадов құрлық чемпиондары атанған болатын.

Еркін күресте біздің команда 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды (жалпы командалық 1-ші орын). Грек-римде - 1 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде (жалпы командалық 3-ші орын). Әйелдер күресінде Қазақстанда 2 алтын және 3 қола медаль бар (жалпы есепте 4-ші орын).

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі