Еркін күрестен Азия Чемпионатында екі балуан топ жарды

Астана қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия Чемпионатының бесінші жарыс күнінде еркін күрес шеберлері боз кілемде бес салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Финалдық кезеңге ұлттық құраманың төрт балуаны жолдама алып, үшеуі тұғырға көтерілді. 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Рахат Қалжан қола жүлдегер атанса, Санжар Досжанов (70 келі) және Болат Сақаев (79 келі) келі салмақта өнер көрсеткен балуандарымыз сары құрлық біріншілігінде топ жарды. Екі спортшымыз да ақтық сында өзбекстандық балуандармен белдесіп, жеңіске жетті. Санжар финалда  Зафарбек Отакхоновты жеңсе, Болат екзод Абдурахмоновты айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, еркін күрес шеберлері сынға түскен жарыстың алғашқы күні құрама қоржынына 2 алтын бір қола жүлде түсті. Ал жалпы, күрестің үш түрі бойынша Қазақстан құрамасы бес алтын жүлде еншіледі. Осыған дейін грек-рим күресінде Ибрагим Магомадов (72 келі), әйелдер арасында Жамила Бақбергенова (72 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) Азия Чемпионы атанған.

Ертең соңғы жарыс күнінде тағы бес салмақ бойынша мықтылар анықталады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі