Әлем Чемпионаты. Нью-Дели - 2023

Нью-Делиде өтіп жатқан Әлем Чемпионатының 2-жарыс күні екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті. 

Олимпиада бағдарламасынакіретін 60 кг дейінгі салмақта Римма Волосенко Үндістандағы алғашқыжекпе-жегінде екідүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Ситора Турдибекованы 4:3 есебімен ұтты. Римманың келесі қарсыласы сербиялық Наталья Шадрина. 

«Бәрі ойдағыдай болды, алғашқы жекпе-жегімде жеңіске жеттім. Әрине, бәрі өзім жəне бапкерлер ойлағандай болмады. Бірақ əлі жұмыс істеп, жинақталам. Барлық жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын», - деді Римма Волосенко.

Әлем чемпионатының екінші күнін 81 кг дейінгі салмақта сынға түскен Фариза Шолтай қорытындылады.

Тринидад және Тобаго өкілі Лиан Будрамды техникалық нокаутпен жеңді. Фаризаның келесі қарсыласы кениялық Элизабет Адямбо.

Фариза жарақатына байланысты үзілістен кейін қайта оралғанын айта кетейік.

Үндістан астанасында әйелдер арасындағы әлем біріншілігін үшінші рет өткізіп жатыр. 60 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласады. Чемпиондар мен жүлдегерлер Халықаралық бокс қауымдастығы тағайындаған 100 мың, (алтын), 50 мың, (күміс) 25 мың (қола) АҚШ долларын алады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі