Жазира Орақбаева Әлем Чемпионатын жеңіспен бастады

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы Әлем Чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға шықққан ұлттық құрама мүшесі Жазира Орақбаева әлем біріншілігін жеңіспен бастап, екінші кезеңге жолдама алды. 

19 жасар тайпейлік Чанг Чиа-Хсунмен жекпе-жекке шыққан отандасымыз алғашқы раунд барысында қарсыласын бағамдаумен өткізді. Екінші раундта басымдықты қолға алып, соққыларын дә тигізген Жазира тайпейлік спортшыға екі бірдей нокдаун беріп, есеңгіретіп тастады. Үшінші раунд басталған сәтте тура соққыларын тигізе бастаған сәтте Фиджи елінен келген төреші кездесуді тоқтатты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігінде толық құрамда (12 салмақ дәрежесі) өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы Әлем Чемпионатын күн сайын «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен 14:30 және 18:30-да тамашалай аласыздар. Үндістандағы жаһандық дода 26 наурызға дейін жалғасады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі