Канада құрамасы - жастар арасындағы Әлем Чемпионы

Гаоифакс және Монктон (Канада) қалаларында хоккейден жастар арасындағы Әлем Чемпионаты аяқталды. Финалдық ойында осы Әлем Чемпионатының басты сенсациясы болған Чехия мен былтырғы жылғы Әлем Чемпионы Канада құрамасы кездесіп, 3:2 есебімен үйеңкі жапырақты елдің өкілдері овертаймда жеңіске жетті.

Жастар арасындағы Әлем Чемпионаты - 2023. Канада

Чехия - Канада 2:3ОТ

Шайбалар:

13 мин. Дилан Гюнтер 0:1

25 мин. Шейн Райт 0:2

53 мин. Иржи Кулих 1:2

54 мин. Якуб Кос 2:2

67 мин. Дилан Гюнтер 2:3

Канада құрамасы Әлем Чемпионатындағы былтырғы жылғы нәтижесін қайталап, өз атағын қорғап қалды. Құрамында тәжірбиелі ҰХЛ (НХЛ) ойыншылары бар құрама әлем біріншілігінде 20-шы мәрте топ жарды. 

Чехия құрамасы болса, 2001 жылдан кейін алғаш рет финалға жолдама алып, 2005 жылдан кейін алғаш рет жүлдеге қол жеткізді. Әлем Чемпионатының қола жүлдесі үшін болған ойында АҚШ хоккейшілері Швеция құрамасын тартысты өткен ойында 8:7 есебімен жеңді. 

Сонымен қатар, Латвия құрамасы Австрияны жеңіп, элиталық дивизонда қалды. Келесі Әлем Чемпионатында Австрияның орнына Норвегия ойнайды.

2024 жылы Әлем Чемпионаты Гетеборг (Швеция) қаласында жоспарланған. 


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы