Басты Жаңалықтар Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!

Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!

Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!

Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Бельгия мен Сенегал құрамалары өзара бақ сынайды.

Кездесу Сиэтл қаласындағы «Сиэтл Стэдиум» стадионында өтеді. Бельгия G тобында 5 ұпай жинап, бірінші орынмен келесі кезеңге шықты. Бельгиялықтар Мысырмен 1:1, Иранмен 0:0 есебімен тең ойнап, соңғы турда Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен ірі есеппен жеңді.
Сенегал I тобында үшінші орын алған командалардың қатарынан кірді. Африка өкілдері Франциядан 1:3, Норвегиядан 2:3 есебімен жеңілгенімен, соңғы турда Иракты 5:0 есебімен ойсырата ұтып, плей-офф жолдамасын иеленді.

Футбол жанкүйерлері матчты 2 шілде сағат 00:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көруге болады.

Бөлісу