Басты Жаңалықтар Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!

Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!

Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!

Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финалында Англия мен Конго ДР құрамалары кездеседі.

Матч Атланта қаласындағы «Атланта Стэдиум» стадионында өтеді.
Англия L тобында 7 ұпай жинап, бірінші орынмен плей-оффқа жолдама алды. Команда Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, Ганамен 0:0 есебімен тең ойнады және соңғы турда Панаманы 2:0 есебімен ұтты.
Ал Конго ДР K тобында 4 ұпаймен үшінші орын алған құрамалардың бірі. Африкалық ұжым Португалиямен 1:1 есебімен тең түсіп, Колумбиядан 0:1 есебімен жеңілді және шешуші турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңді.

Футбол жанкүйерлері матчты 1 шілде сағат 20:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сонымен қатар ойын qazsporttv.kz сайтында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.

Бөлісу