«Қайрат» - «Пафос» ойынын қайдан көруге болады?

Алматының Орталық стадионында бүгін «Қайрат» пен «Пафос» командалары арасында матч өтеді.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 3-туры аясында қазақстандық команда Кипр елінің чемпионын қабылдайды. Бұл матч «сары-қаралар» үшін өте маңызды. Екі команданың деңгейі шамалас, сондықтан 3 ұпай алу үшін үлкен мүмкіндік бар. Алматылық команданың сапында бұрынғы матчтардың қаһарманы Темірлан Анарбеков жарақатынан айығып, бүгін негізгі құрамда шығуы мүмкін.
Ал «Пафостың» басты күші бас бапкері Хуан Карлос Карседо. Испаниялық маман Унаи Эмеримен бірге жұмыс істегенімен танымал. Ол бұл команданы 2023 жылдан бері жаттықтырып келеді. Кипрлік ұжымда аңыз ойыншы Давид Луис ойнайды. 38 жастағы қорғаушы бұған дейін «Бенфика», «Челси», «ПСЖ», «Арсенал» секілді ірі клубтарда өнер көрсеткен.
Тартысты матч бүгін сағат 21:35-те «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
